Алматыда 28 базар жаңғыртылды

Алматыда  28 базар жаңғыртылды
almaty-akshamy.kz

Алматыдағы базарларды жаңғыртудың нәтижесінде сауда жағдайын жақсарып қана қоймай, антисанитария мен жабайы сауданы тоқтатуға болады. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифингте айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Спикердің сөзінше, ең маңызды міндеттердің бірі – кәсіпкерлерге көлеңкеден шығуға көмектесу және азаматтарды белсенді экономикалық қызметке тарту.

Ол үшін дәстүрлі сауданы заманауи өркениетті форматқа ауыстыру қажет.

«Бүгінде Алматыда 52 базар жұмыс істейді, онда 20 мыңнан астам кәсіпкер бизнес жүргізеді. Қазіргі уақытта 28 базар жаңғыртылды. 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, жұмыс орындарының саны 3,4 мыңға артты. Бүгінгі таңда 16 қалалық базарда жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Оның 4-і жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтайды»,- деді Нұрлан Оразалин.

Базарларды жаңғыртудың нәтижесінде сауда жағдайы жақсарып қана қоймай, антисанитария мен стихиялық сауданы тоқтатуға болады.

«Енді базар қызметкерлері жұмыс берушілерден жалақы мен қажетті әлеуметтік аударымдарды ала алады, сауда қызметінен бюджетке салық аударымдары ашық болады», - деді ол.