Алматы әкімі тұрғындар сауалына жауап береді

Алматы әкімі тұрғындар сауалына жауап береді
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әр аптаның сәрсенбі күні мегаполис басшысы қала халқымен онлайн кездесу өткізеді.

11 тамызда сағат 19.00-де Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындар сауалына жауап береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар, сондай-ақ Almaty.tv арнасының YouTube, Facebook парақшасына пікір қалдыруыңызға болады.

Сондай-ақ +7 (727)-275-01-02, +7 (727)-275-22-16  нөміріне хабарласып, сұрақтар қоя аласыздар.