Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы тағайындалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазіргі тағайындауға дейін ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы филиалының директоры болып қызмет етті.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Данияр Қырықбаев Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Данияр Қырықбаев 1986 жылы 29 сәуірде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастады. 2007-2009 жылдары – «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да жұмыс істеді. 2009 жылы – «Kazsatnet» АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі. 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппаратында жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап сот жүйесінде жұмыс істейді. 2016-2019 жылдары Алматы қаласы бойынша соттар әкімгерінің басшысы болды.