Алматы тұрғыны үйінде қару-жарақ арсеналын жасырған

Алматы тұрғыны үйінде қару-жарақ арсеналын жасырған
Сурет: Polisia.kz

28 жастағы А.есімді азамат атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке ілінді.

Оның жалға алған тұрғын үйінен тегіс ұңғылы мылтық, екі мылтық, пневматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі 400-ге жуық патрон табылды және процессуалдық тәртіпте тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Алдын ала болжамға сүйенсек, бұл қару қылмыстық жолмен алынуы мүмкін. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен қатар А.есімді азамат қарумен бұзақылық жасады деген күдікке ілінген. Аталған деректің мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатыр», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.