Алматы тау шаңғысымен демалатын 5 қаланың қатарына енді

Алматы тау шаңғысымен демалатын 5 қаланың  қатарына енді
Сурет: ашық дереккөз

Шымбұлақ тау шаңғы курортының туристік әлеуеті аңызға айналған журналдың итальяндық басылымында қысқы спорт түрлерін ұнататындар арасында әлемдегі міндетті түрде баруы керек таңдаулы 5-ке ұсынылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл тізімде қазақстандық курортпен қатар Исландиядағы Тролль түбегі, Аляскадағы Денали тауы, Грузиядағы Казбеги және Жапониядағы Зао тау шаңғы курорты бар.

Редакция: "Алматы қаласынан жарты сағаттық жерде орналасқан Шымбұлақ тау шаңғы курорты керемет атмосфера мен заманауи жайлылыққа ие",  деп санап, апре-скиді өткізіп алмауға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Wanderlust журналының топ-24 рейтингіне енсе, Алматы New York Times нұсқасы бойынша 2024 жылы баруға тұрарлық 52 орын тізіміне кірген болатын.