Алматы полициясы шағын футболдан турнир өткізді

Алматы полициясы шағын футболдан турнир өткізді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы ПД бөлімшелері арасында ұйымдастырылған турнир «Абай»стадионында өтті.

Оған 15 команда қатысты, яғни 180 адам қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Әр уақытта дене шынықтыру және спорт полиция қызметкерлеріне жедел-қызметтік тапсырмаларды сәтті орындауға ықпал ететін жаңа дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Бүгінгі ойын жарқын әрі қызық болды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды Алматы қаласы ПД аппаратының құрама командасы иеленді. Ал 2-орынды ЖҚАЖ командасы жеңіп алды. Жүлделі 3-орын Түрксіб аудандық полиция басқармасының командасына бұйырды. Ерекшеленген қызметкерлерге сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, “Үздік қақпашы” номинациясы бойынша Түрксіб аудандық ПБ-ның жедел уәкілі Балабек Алмас ерекшеленді. “Үздік қорғаушы” Алмалы ауданы ПБ-ның аға тергеушісі Ахмет Заманбек атанды. Ал “Турнирдің үздік ойыншысы” атағы ЖҚАЖ аға инспекторы Демесін Дінасылға берілді.