Алматы полициясы көлік дөңгелегін қолды еткен күдіктілерді ұстады

Алматы полициясы көлік дөңгелегін қолды еткен күдіктілерді ұстады
Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері көлік дөңгелегін ұрлап кетті.

Көліктердің дөңгелектерін ұрлаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жедел уәкілдер автокөліктердің дөңгелектерін ұрлады деген күдікпен Алматы облысының 34 және 40 жастағы тұрғындарын ұстады. Болжам бойынша, олар қылмысты түнде жасаған. Бір эпизодта қаскөйлер құралдардың көмегімен Chevrolet көлігінің дөңгелектерін, одан әрі қайта сату үшін шешіп алған. Қазіргі уақытта тергеу заңсыз әрекеттің осыған ұқсас 5 ықтимал эпизодын анықтады. Анықталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Айтпақшы, бұрын екі күдікті де қарақшылық тонау жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта тергеу олардың бұрын қаланың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.