Алматы полициясы бөтен адамдардың атына шағын несие рәсімдеген екі алаяқты ұстады

Алматы полициясы бөтен адамдардың атына шағын несие рәсімдеген екі алаяқты ұстады
Polisia.kz.

Алматы полициясы бөтен адамдардың атына шағын несие рәсімдеген екі алаяқты ұстады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Бірінші жағдайда 26 жастағы Ж.есімді әйел интернет-ресурстарды қолдана отырып, азаматтарды МКҰ-ның біріне тауарлық несие алуға өтініш білдіруге шақырған.

– Әйел әртүрлі сылтаулармен азаматтардың жеке деректерін алып жүрген: жеке куәліктер, банк карталары, содан кейін әр түрлі МҚҰ-ға олардың атынан “онлайн” несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті жасаған осыған ұқсас алты эпизод дәлелденді. Ж.есімді азаматшаның іс-әрекетінен келтірілген жалпы шығын шамамен 1 миллион теңге. Бұл азаматшаның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-775-747-7778 және 8-705-555-77-63, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қалалық криминалдық полиция еске түсіргендей, бұл күндері Алматы қаласының полицейлері интернеттегі алаяқтықпен күресу үшін іс-шаралар жиынын өткізуде.

– Біз ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған “Аnti-Fraud” республикалық іс-шарасы туралы айтып отырмыз. Іс-шара 9 тамызда басталып, 15-і аяқталады. Ұсталғандардың арасында – 31 жастағы А.есімді азамат та бар. Ол Алматы облысының тумасы, бұрын сотталмаған, адамдардарды шағын несие рәсімдеу арқылы алдап келген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті осыған ұқсас сегіз қылмыс жасағаны үшін ұсталды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.