Алматы полициясы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Алматы полициясы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

“Жанұя” балалар үйі полиция қызметкерлеріне есігін айқара ашты. Алматы қалалық полиция департаментінің ансамблі мен ЖҚАЖ ұжымы балалар үшін ән, би және сыйлықтармен нағыз жаңажылдық көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Балалар ұйымдастырылған ойындар мен жарыстарға ерекше ықыласпен қатысты. Тәрбиеленушілердің қуанышында шек болмады. Балалар үйінің басшылығы өз кезегінде полиция қызметкерлеріне ілтипаттары, мейірімді жүректері мен қамқорлықтары үшін шынайы алғысын білдірді. Тәртіп сақшылары мұндай науқанды бірнеше жылдан бері жасап келеді.