Алматы полицейлері Саяхат автовокзалындағы тұрақтарды жойды

Алматы полицейлері Саяхат автовокзалындағы тұрақтарды жойды
Сурет: Polisia.kz

Алматылық тәртіп сақшылары көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзу деректерін, сондай-ақ жабайы сауда жасайтын орындарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.

Осыған байланысты патрульдік маршруттар күшейтіліп, қоғамдық полиция көмекшілерінен қосымша күштер тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бұл ең ірі қала үшін проблема екенін түсіну маңызды және біз оны ортақ күш-жігер арқылы, былайша айтқанда, бірлесіп шешуіміз керек. Мұны істеу қиын емес екеніне сенімдімін. Оның үстіне, әрқайсымыз күн сайын көптеген құқық бұзушылықтарға куә боламыз. Ұсақ заңбұзушылықтарға көз жұмып қарамай, бұл туралы “102” пультіне немесе ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы жедел хабарлауға шақырамыз. Құқық бұзушыларға дереу шара қолданылатынына сенімді түрде айта аламын. Күн сайын құқық бұзушылықтар туралы ондаған маңызды сигналдар келіп түседі», – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Дулат Жаңғабылов.

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында өткізілген мақсатты рейдтер қаладағы жол жағдайын тұрақтандыруға, жол-көлік оқиғаларын азайтуға, жүргізушілер арасындағы тәртіпті жақсартуға ықпал етеді. Полиция күштері, сондай-ақ тиісті жол белгілерінің қамту аймағында көлік құралын қоюға арналмаған орындарда тұраққа қою жағдайларын анықтауға бағытталған. Ал, заңбұзушылық анықталған кезде көлік иелері өз көлігінің қасында болмай қалса, олардың көліктері эвакуаторлар арқылы мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізіледі.