18 наурызда Байқоңырдан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылады

18 наурызда Байқоңырдан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылады
Сурет: Inbusiness.kz

Зымыран тасығышты ұшыруға 150-ге жуық әскери қызметкер қатысады. 

Орталық әскери округтің әскери қызметшілері Қазақстандағы «Союз МС-21» ғарыш кемесінің ұшырылуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

«Зымыран тасығышты ұшыруға 150-ге жуық әскери қызметкер, төрт Ми-8 тікұшағы, екі Ан-26 және Ан-12 ұшағы, сондай-ақ PEM-1 және PEM-2 Blue Bird жерүсті іздеу-құтқару машиналары қатысады», - деп жазылған хабарламада.

Әскерилердің айтуынша, ғарыш аппаратын ұшыру және орбитаға шығару кезекшілігі Екатеринбург қаласындағы Орталық әскери округінің Әскери-әуе күштері мен әуе қорғанысы құрамасының жауынгерлік басқару орталығында ұйымдастырылады.

«Союз МС-21» басқарылатын ғарыш кемесі мен ХҒС-67 экспедициясының экипажымен «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын ұшыру 18 наурызда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Мәскеу уақытымен сағат 18:55:19-ға жоспарланған.  «Союз МС-21» экипажының командирі Олег Артемьев, бортинженерлер Денис Матвеев пен Сергей Корсаков орбитаға шығады.