Алматы облысының тұрғынынан 470 түп қарасора тәркіленді

Алматы облысының тұрғынынан 470 түп қарасора тәркіленді
Сурет: Polisia.kz

Жеке үйінің бақшасында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан адам ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 шілде күні сағат 14:30 шамасында Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Ұйғыр ауданындағы Шарын ауылы аумағында “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде 35 жастағы Ж. есімді азаматты ұстады.

Үйді тінту барысында бақшадан құрамында есірткі заттары бар қарасора өсімдігінің 470 түбі табылып, тәркіленді. Күдікті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Ұйғыр ауданының ПБ-ға жеткізілді. Барлық тәркіленген заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды.