Жеке сот орындаушылары қызметіне қанша алады?

Жеке сот орындаушылары қызметіне қанша алады? Сурет: ашық дереккөз

Жеке сот орындаушыларының қызметіне төленетін ақы мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 


Әділет министрі Азамат Есқараев тиісті бұйрыққа қол қойды. Құжатта жазылғандай, енді жеке сот орындаушылардың қызметіне мына мөлшерде ақы төленеді:


мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:


- 60 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;


- 60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;


- 300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 15 пайызы мөлшерінде;


- 1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;


- 5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;


- 10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде;


- 20 000 АЕК-тен жоғары болса – өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде.


мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:


- шығару және үйге орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 50 АЕК, заңды тұлғалардан 100 АЕК;


- талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 10 АЕК, заңды тұлғалардан 20 АЕК;


- баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы – жеке тұлғалардан үш ай сайын 20 АЕК мөлшерінде.


мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:


- алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде.


Бұйрық 10 шілдеден бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22