Алматы облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Алматы облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде

Алматы облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 30 ақпанында “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен бірлесіп, Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған азаматты ұстады. Заң бұзушы 600 метрлік пластикалық қыл жасалған ауды пайдаланып , жалпы салмағы 104 кг болатын әртүрлі балықтарды заңсыз аулаған.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Айғақ зат ретінде Жамбыл облысының азаматынан 104 кг балық (көксерке 85 кг, вобла 19 кг ), 600 метрлік ау алынды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталуда», – дейді Балқаш АПБ бастығы Даурен Құтпанов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының аумағында браконьерлік, заңсыз балық аулау, заңсыз ағаш кесу, жер қойнауын заңсыз пайдалану және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың басқа да фактілерін анықтау мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.