Алматы облысында моно-қала пайда болады

Алматы облысында моно-қала пайда болады
Сурет: Astanatv.kz

"Ашық НҚА" сайтында "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы" Президент жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылсын. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға "Алатау" атауы берілсін", - делінген құжатта.

Құжат 29 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.