Алматы облысында колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам анықталды

Алматы облысында колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам анықталды
Сурет: Polisia.kz

Осы әрекетті жасамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады. Оқиға орнынан скотчпен оралған 5 түйіншек анықталды.

Түйіншектердің ішінен әр түрлі маркалы 15 телефон, 3 құлаққап, 1 сымсыз құлаққап, wi-fi роутер, 1 сымсыз зарядтағыш құрылғы және 0,5 литр көлемінде құрамында алкоголь бар зат тәркіленді. Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.