Алматы облысында ауыл саябағына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілмек

Алматы облысында ауыл саябағына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілмек
Сурет: Ашық дереккөз

Құжат 26 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады

Алматы облысына қарасты Алмалыбақ ауылындағы саябаққа Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ұмтыл ауылдық округінің Алмалыбақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Алмалыбақ ауылында орналасқан саябаққа Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың аты берілсін», - делінген елді мекен әкімі С. Үмбетәлиевтің «Ашық» НҚА порталында жарияланған шешімінде.

Құжат 26 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, бұған дейін Алматының Жетісу ауданында жаңа саябақ бой көтеретінін хабарлап едік. Сонымен қатар, былтыр Алматының шеткі аудандарында алты саябақ салынатыны мәлім болды.