Алматы облысында 150 адам эвакуацияланды

Алматы облысында 150 адам эвакуацияланды
Сурет: ТЖМ

Сел басу қаупі бар.

"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысындағы Талғар бөгетінде топырақ бөгеті шайылып, сел қаупіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ведомствоның мәліметінше, Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында бөгетті су шайып кеткен.

"2023 жылдың 22 шілдесінде сағат 00:30-дағы сел тасқынының кері әсері салдарынан Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында топырақ бөгетінің оң жағын су шайып кетті. Ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі шамамен 20 текше метрлік шұңқыр пайда болды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын "Қазселденқорғау" филиалы жүргізеді.