Алматы облысы қайтадан «қызыл» аймаққа өтті

Алматы облысы қайтадан «қызыл» аймаққа өтті
Сурет: 24.kz

Кеше ғана бұл облыс «сары» аймақтың тізімінде болған.

2021 жылғы 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.