Алматы метросы 17 қаңтардан бастап қайта іске қосылады

Алматы метросы 17 қаңтардан бастап қайта іске қосылады
Cурет: Ашық дереккөз

Пойыздардың қозғалыс аралығы 10 минутты құрайды

Метро сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Пойыздардың қозғалыс аралығы 10 минутты құрайды, ал қарбалас уақытта және қалған уақытта - 13 минут. Метро жұмыс кестесінде өзгерістер орын алатын болса, тағы да қосымша хабарланады»,-делінген Қалалық мобильділік басқармасы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар, 17 қаңтардан бастап қаладағы қоғамдық көліктер, соның ішінде троллейбустар мен қала маңындағы маршруттар сағат 21:00-ге дейін қатынайтын болады. Демек, қалалық маршруттардың жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, қала маңындағы маршруттардың жұмыс кестесі 09:00-ден 21:00-ге дейін деп белгіленді.