Алматы мен Қарағандыдан Абайға көмекке барған төтеншеліктер қайтты

Алматы мен Қарағандыдан Абайға көмекке барған төтеншеліктер қайтты
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілерді өртті сөндіруде көрсеткен ержүректілік пен батырлық, жоғары кәсібилік үшін алғыс білдірді.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың өкімі бойынша, Алматы және Қарағанды облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштер мен құралдар топтамалары тұрақты жұмыс орындарына қайтты, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқиға орнында өрт толық сөндірілгенге дейін оқшауланған өрт ошақтары орындарына тұрақты түрде су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жүзеге асады.

"Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт учаскелерінде ашық жану жоқ. Табиғи өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз етеді", делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Өрт басталғалы бері барлығы 2 636 рет көлемі 7 747 тонна су төгілді.

Еске сала кетейік, 15 маусым сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жарияланды.