Алматы мен Астанада арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуы өтті

Алматы мен  Астанада арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуы өтті
Сурет: Ашық дереккөзі

ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, генерал-майор С.С. Исабековтің нұсқауы бойынша, ағымдағы жылы 26 желтоқсаннан 27 желтоқсанға қараған түні Астана және Алматы қалаларында ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің шұғыл жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің күштері мен құралдары жедел-қызметтік әзірліктің жоғарғы дәрежесіне келтірілгеннен кейін оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін шоғырлану аймағына шықты.