Алматы мен 10 өңірде мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Алматы мен 10 өңірде мәслихат депутаттарын сайлау басталды
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Дауыс берушілер 21 округ бойынша депутаттарды сайлайды.

Бүгін  Алматыда және еліміздің он өңірінде шығып қалған халық өкілдерінің орнын басатын мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дауыс беру Алматыда, Абай, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өтеді.

Дауыс берушілер 21 округ бойынша депутаттарды сайлайды. Бұл - екі облыстық, жеті қалалық және 12 аудандық депутаттар.