«Алматы марафонына» биыл - 10 жыл!

«Алматы марафонына» биыл - 10 жыл!
Сурет: Wikipedia.org

 «Алматы марафонының» басталуына 16 күн қалды

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, дәстүрлі түрде 14 қыркүйекте өтетін  «Алматы марафоны» биыл 26 қыркүйекке ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастырумен өтіп келе жатқан марафонға биыл - 10 жыл.  Осы марафонға мыңдаған адам  «Бірінші болу - батылдық» деген ұранмен қатысқан болатын. 

Марафонға қатысатындар 10 шақырым, скандинав жүрісімен 10 шақырым, 21,1 шақырым, 42,2 шақырым және экиден командалық эстафетасы қашықтықтары бойынша жүгіреді. 

10 шақырым бойынша жүгіруге 15 жылдан бергі тәжірибесі бар спортшылар қатыса алады. Бұл қашықтықта жүгірген жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар мен сыйлықтарға ие болады. Бұл аралықта жүгіруге қатысу құны - 7000 теңге.

Скандинав жүрісімен 10 шақырымдық сайысқа 15 жылдық тәжірибесі бар спортшылар қатыса алады. Бұл қашықтықты игерудегі басты талап - 10 км аралықты скандинав жүрісіне арналған таяқпен бағындыру керек. Бұл қашықтықта қатысқандарға марапат қарастырылмаған. Қатысу бағасы - 7000 теңге. 

21,1 километр болатын қашықтық бойынша жасы 18-ден асқан спортшылар жүгіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтар, медальдар, мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталады. Бұл аралықта жүгіру үшін қатысу бағасы - 8000 теңге.

42,2 шақырымдық қашықтықта 18-ден асқан спортшылар қатыса алады. Бұл аралық бойынша қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар, кубоктар, грамоталар мен сыйлықтарға ие болады. Қатысу бағасы - 9000 теңге

Экиден командалық эстафетасына 6 адамнан топ, жастары 16-дан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады. Бұл аралықта жүгірген жеңімпаздар мен жүлдегерлер де медальдар, кубоктар, грамоталар және сыйлықтармен марапатталады. Бағасы - 150000 теңге. 

 «Алматы марафоны» 26 қыркүйек күні Республика алаңынан сағат 07:30 кезінде басталады. Марафонға қатысты өзге де сұрақтарды толығырақ almaty-marathon.kz сайтынан білуге болады.