Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі қала күніне орай БАҚ арасында конкурс жариялайды

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі қала күніне орай БАҚ арасында конкурс жариялайды
Сурет: Strategy2050.kz

Қатысушылар өз өтініштерін 8 қыркүйекке дейін жіберуі тиіс.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Қала күніне орай «Алматы қаласының дамуы туралы» тақырыбына үздік жариялымдарға қалалық және республикалық БАҚ арасында конкурс жариялайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Конкурсқа БАҚ-та жарияланған және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 қыркүйекке дейін эфирде хабарланған материалдар қабылданады.

Номинациялар:

1) Алматы өмірі туралы үздік авторлық жарияланым (қазақша/орысша).

2) Алматы өмірі туралы үздік бейнематериалдар (қазақша/орысша).

3) Алматы өмірі туралы үздік фотожұмыс  (қазақша/орысша).

4) Интернет-ресурстағы Алматы өмірі туралы ең үздік лонгрид (қазақша/орысша).

5) Интернет-пабликтегі (қазақша/орысша) Алматы өмірі туралы үздік жарияланым.

6) Әлеуметтік желілердегі Алматы өмірі туралы блогердің үздік жарияланымы  (қазақша/орысша).

7) Әлеуметтік желілердегі Алматы туралы үздік сұхбат (қазақша/орысша).

8) Әлеуметтік желілердегі Алматы туралы үздік бейнеролик (қазақша/орысша).

Конкурсқа қатысу үшін өтініш (өтініш берушінің Т.А.Ә., БАҚ атауы, материалдың электрондық нұсқасы және материалға сілтеме (бір өтініш берушіден 3 материалға дейін), номинацияның нақты нұсқауы, байланыс деректері) ағымдағы жылдың 8 қыркүйегіне дейінгі мерзімде Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің электрондық мекенжайына: info@rsk.almaty.kz  «Конкурсқа қатысу үшін» мәтінімен жіберілуі тиіс.

Байқау жеңімпаздары әр категориядан бағалық сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.