Алматы қаласының Бостандық ауданында коттедж салу туралы іс сотқа берілді

Алматы қаласының Бостандық ауданында коттедж салу туралы іс сотқа берілді
Сурет: Info.homsters.kz

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесті. 

Оның барысында аудан тұрғындары басшылыққа өздерін толғандырған жайттарға қатысты сұрақтарын қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аудан тұрғындарының бірі:

«Мен Бостандық ауданында "Алатау-2" бау-бақша серіктестігінде тұрамын. Менде бұрынғы сайдың орнында Baganashil Hills коттедж қалашығын салу туралы сұрағым бар. 15 жыл бұрын бұл жыра толтырылды. Енді олар коттедж қалашығын салуды жоспарлап отыр - 74 коттеджді. Құрылыстың  салдарынан кейбір көршілердің үйлерінің қабырғалары жарылып жатыр. Бірнеше жылдан кейін бұл барлығына қиындық тудыруы мүмкін, өйткені жыра – құрғаған өзен арнасы. Бұл су қайта ағуы мүмкін, оны кез келген су маманы растай алады», - деген мәселені көтерді.  

Оған Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков:

«Бүгінгі күні біз  құрылысты бұзу үшін сотқа жүгіндік. Онда 10-ға жуық нысанның - ЖТҚ, екі қабатты үйлердің құрылысы заңсыз басталды. Құрылысқа тыйым салу бойынша талап-арыз дайындалу үстінде», - деп жауап берді.