Алматы қаласы Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

Алматы қаласы Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді
Сурет видеодан алынды

7 сәуір күні Атырау облысында су тасқынына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Зардап шеккен аймаққа Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметінің күшімен гуманитарлық көмек жіберілді.

Атырау облысының көмекке 3 «КамАЗ» жүк көлігі, 1 жеңіл автокөлік, шанц құралдары (күрек, балта, сүймен және т.б.) жіберілді. Сондай-ақ, шатырлар, кереуеттер, шамдар, құтқару кеудешелері, резеңке етік, 5 мың қап, дәрі-дәрмектер бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің бірінші партиясы жөнелтілген. 

29 наурыздан бастап қалада Алмалы ауданының коммуналдық орталығы базасында ашылған қабылдау пункті жұмыс істейді. Күн сайын алматылықтар қажетті заттарды әкеліп, табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуге үлестерін қосты. Қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар қажетті көмекті жинауға белсене қатысты. 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиена құралдар, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және т.б.