Алматы - қала агломерациясын дамыту ядросы

Алматы - қала агломерациясын дамыту ядросы
Сурет: Oqu.news

Теңгерімді урбандалу үшін қыркүйек айында Алматы агломерациясының кешенді жоспары қабылданады.

Алматы агломерациясын дамыту шеңберінде тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымын салу жоспарларын және ҚТҚ утильдеу мәселелерін үйлестіру талап етілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Автобус көлігі мен жол инфрақұрылымын оңтайландыру.

Қала маңы электрпойыздарына басымдық беру

Қала мен Алматы облысының арасында қоғамдық көлікпен күнделікті жол жүру саны 2025 жылға қарай 500 мың, 2030 жылға қарай 600 мыңды құрайды. 

Қала маңынан қаланың магистралды жол желісіне дейін апаратын қосымша 30 маршрутты ұйымдастыру және көлік хабтарымен түйіндестіру

Магистралды қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтары бар 2 кірме магистралды кеңейту (Құлжа күре жолы, Шамалған бағыты)

2-Алматы-дан Қонаев қаласына дейін темір жолмен заманауи қала маңы электрпойызын жіберу

Боралдай станциясында 3-Алматы т/ж вокзалын салу және Барлық базарының маңында автобустың метромен байланысын ұйымдастыру

Магистралды қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтары бар 2 кірме магистралды кеңейту (Талғар күре жолы, Қаскелең «жоғары» трассасы)

Агломерацияда жыл сайын 770 мың тонна ҚТҚ жиналып, шығарылады, оның 430 мың тоннасы Алматыдан шығады.

ҚТҚ-ны қайта өңдеу үлесін 17%-дан 60%-ға дейін ұлғайту, экомәдениетті дамыту арқылы 2030 ж. қарай ҚТҚ көлемінің генерациясын 10%-ға қысқарту міндеті алда тұр.

2025 жылға дейін:

Қонаев қ. мен Ават ауылының маңайында 2 қоқыс тиейтін бекет салу

Ақбастау ауылында ҚТҚ-ны көметін полигон салу

Әли аулының майында 1 қоқыс өңдейтін зауыт салу

2030 жылға дейін:

Қаланың ҚТҚ-сын өңдеу тереңдігін 40%-ке ұлғайту мақсатында МСК аумағында RDF (Refuse-derived fuel) отын өндіру зауытын салу

772 бірлік көлемінде ҚТҚ жинауға арналған жерасты контейнерлік алаңдарды жаңғырту және жаңасын салу. 

ҚТҚ бөлек жинау жүйесін енгізу (пайда болу көздерінен жиналған ҚТҚ-ны қайта өңдеу үлесі 10%-ке дейін)

«Жасыл мектеп» экологиялық өмір салтын қалыптастырудың мектептен тыс бағдарламасын енгізу.

Алматының болашағына бей-жай қарамаңыз. Өз пікіріңізді 1 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында қалдырыңыз.