«Алматы апорты» деген иіссу шықты

«Алматы апорты» деген иіссу шықты
Сурет: depositphotos.com

Алматыда қазақша атаулары иіссу шыға бастады.

Мұны «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Сәтбаев университетінің аға ғылыми қызметкері Гүлжан Түзелбаева жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
Бұл туралы Фейсбук парақшасында Армангүл Тоқтамұрат есімді журналист хабарлады.
Атаулары қазақша. «Алматы апорты», «Апорт», «Жаңа апорт», «Амир», «Аида», «Минералды раушан». Франциядағы парфюмерлердің ең жоғары бағасын алған Көкжайлаудың қайың иісі де бар.
"Айына шамамен 50 бөтелке шығарады. Бағасы-35-50 мың тг аралығында. Сатылымға енді шығады. Әйел, ердікі де бар. Біздің жас ғалымды енді, Франция өздеріне шақырып жатыр екен. Қуанып отырмын, бір жағынан ғалымымызды өздеріне алып кете ме деп те, қорқып отырмын.
Ғылымды қаржыландыру 3 есеге өсті, нәтиже қайда дейміз. Міне! Нәтиже жоқ емес, бар. Сонда иіссу шығарған ба дерсіз. Медицина, ауылшаруашылығы тағы өзге де салалар бойынша басқа да ғалымдардың жасағандары көп. Тек оларды қолдап, жаңалығын өндіріске енгізуге көмектесу керек"! - деп жазған екен журналист.