Алматы академиясының ғалымдары халықаралық байқауда үздік атанды

Алматы академиясының ғалымдары халықаралық байқауда үздік атанды
Сурет: Polisia.kz

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының ғалымдары Азамат Шидемов пен Асқар Берекенов ТМД-ның “Үздік жас ғалым – 2022” байқауында I дәрежелі дипломдармен және төсбелгілерімен марапатталды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің “Үздік жас ғалым – 2022” V Халықаралық кітап басылымы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жас ғалымдарының еңбегі мен жеке жетістіктерін насихаттауға бағытталған бірегей жоба, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

“Бөбек” жалпыұлттық қозғалысы” заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен жас ғалымдардың халықаралық қауымдастығы ұйымдастырған жобаға Ресей Федерациясынан, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Республикаларынан халықаралық ынтымақтастық және ғылыми интеграцияның одан әрі даму аясындағы ғылыми әзірлемелерге қызығушылық танытқан, болашағынан зор үміт күттіретін талантты жастар қатысты. Академия бастығы Айдар Сайтбеков жеңімпаз ғалымдарды құттықтап, оларға ғылыми қызметте одан әрі зор биіктерді бағындыруға тілек білдірді.