Алматы әуежайының жаңа терминалына қанша қаражат кетеді

Алматы әуежайының жаңа терминалына қанша қаражат кетеді
Сурет: Zakon.kz

Жалпы орындалған жұмыс көлемі 60 пайызға тең

ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Алматы әуежайындағы жаңа терминал құрылысына қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір төрт жобаның құрылысы жүріп жатыр.

"Атап айтқанда, Алматы әуежайында 200 миллион доллардан астам қаржыға жаңа халықаралық терминалдың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жазда пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Жалпы орындалған жұмыс көлемі 60 пайызға тең", -деді Талғат Ластаев.

Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы жүріп жатыр, ал үкімет резерві есебеніне Қостанай әуежайы терминалын телескопиялық баспалдақ орнату және келу залын салу арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын және такси жолын, Балқаш әуежайының перронын қайта жаңарту мәселесі пысықталуда.