Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен аға жаттықтырушы болды

Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен аға жаттықтырушы болды
Cурет: Olympic.kz

Біржола бапкерлікке кетті

Күрестен әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер командасының аға жаттықтырушысы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.    

2010 жылдан бері әлемдік жарыстарда ел намысын абыроймен қорғаған балуан енді шәкірт тәрбиелеуге кіріспекші.  

«Басшылықтың шешімімен осы міндетті атқармақпын. Біржола бапкерлікке кеттім десе де болады. Осы жылдар аралығында жинаған мол тәжірибемді артымыздан ерген жастарға үйреткім келеді. Бұйырса, осы істі қолға алып жатырмын. Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғаны рас. Бірақ қайтадан кілемнен көріп қалсаңыздар да, таң қалмаңыздар (күлді)», - деді Кебіспаев.  

Айта кетелік, Алмат Кебіспаев Лондон және Рио Олимпиадаларының қатысушысы. 2021 жылы Ослода өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.