Алмалы ауданының бюджеті екі есеге артты

Алмалы ауданының бюджеті екі есеге артты
Сурет: ашық дереккөз

 Қаржыландыру көлемінің артуы әкімдіктерге жаңа өкілеттілік беру аясында барлық ауданда іске асты. 

Алмалы ауданының бюджеті 9-дан 18,8 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

1 сәуірден бастап жүргізіліп жатқан децентрализация аясында аудан әкімдігіне 15 функцияны берумен бірге бюджет те ұлғайған.

«Мұндай өзгерістер қаланың барлық аудандарына оң әсер ететініне және аудан әкімдеріне алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосымша септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді әкім.