Алмалыда коммуналдық қызметтердің сапасы жақсарады

Алмалыда коммуналдық қызметтердің сапасы жақсарады
Сурет: ашық дереккөз

Чайковский және Мақатаев көшелерінің аулаішілік аумақтарында (900 абонент) 1,5 шақырым су құбыры желісі жөнделді.

Сондай-ақ Бруно, Рахманинов, 2-ші Қастек және Моңғол көшелерінде (300 абонент) 2 шақырым кәріз желісі салынуда. Бұл туралы қала әкімі Е.Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

3,5 шақырым су құбыры (7 учаске) және 1,2 шақырым жылу желісін (Байтұрсынов – Төле би – Наурызбай батыр – Бөгенбай батыр көшелерінде) жөнделіп, Есентай және Қожамқұлов көшелерінде жалпы ұзындығы 800 м болатын кәріз желісінің құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар «Панорама» тұрғын үй кешенінде және Әйтиев көшесіндегі 12 үйде канализация және су құбырының сорғы станцияларын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Ескерерлік жайт, жұмыстар осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталмақ. Осы мақсаттарға қала әкімінің шешіміммен аудан әкімдігіне резервтен 353,4 млн. теңге бөлінді.

Инженерлік инфрақұрылым бойынша жоғарыда аталған барлық жұмыстар Алмалы ауданының 90 мыңнан астам тұрғыны үшін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартпақ.