Алмалы ауданында көшелерді су басу мәселесі қалай шешімін таппақ?

Алмалы ауданында көшелерді су басу мәселесі қалай шешімін таппақ?
Сурет: Almaty.tv

Үнемі су басатын жерлерді болдырмау аясында аудан бойынша 12 учаске анықталды.

Көшелерді су басу мәселесін шешу жөнінде Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданында қала тұрғындарымен өткен кезекті кездесуде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

4 учаскедегі жұмыстар Әйтеке би көшесінің Назарбаев даңғылы, Абылай хан даңғылы және Панфилов көшесімен қиылысындағы, сондай-ақ Масаншы көшесінің Мақатаев көшесімен қиылысындағы учаскелер коллекторына қосыла отырып аяқталды.

«Жыл соңына дейін Мақатаев көшесінің бойындағы жалпы ұзындығы 3,6 км коллектор қалпына келтіріледі. Райымбек даңғылының бойынан қосымша 2,3 км жаңа арық желісі мен 1,6 км канал саламыз», - деді Алматы әкімі Е.Досаев.

Осы айда әкімдік 2024 жылдың соңына дейін жұмыстарды аяқтап, 52 учаскеде 34 км арық желісін реконструкциялауды және салуды бастайды.