Алғаш рет азаматтық авиация қызметкерлері мерекесін тойлауда

Алғаш рет азаматтық авиация қызметкерлері мерекесін тойлауда
Сурет: ашық дереккөз
Бүгін Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Азаматтық авиация қызметкерлерінің күнін атап өтуде.

1 ақпан Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні болып белгіленді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің біріккен кеңесінде айтылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметке ерекше мән беруге және еліміздің жас авиаторларының патриоттық рухын 
дамытуға ынталандыруға арналған. Ардагерлер мен азаматтық авиация қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!