Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: 24.kz

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 2022 жылғы 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Елдің оңтүстігінде сынап бағаналары 28 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс өңірлері солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады. Циклон бұл аймақтарға негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі, желдің күшеюі, түнгі уақыттарда көктайғақ болжанады.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Иранның аудандарынан жылы ауа массалары шығарылады деп күтілуде, олармен таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз бұл аудандарда термометр бағаны +20, +28 градусқа дейін жетеді.