Алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады

Алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады
Сурет: ашық дереккөз

Қазгидромет синоптиктері 26-28 желтоқсан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.

Бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін күшейеді.

26 желтоқсанда солтүстік облыстарда жел екпіні 30 м/с асады.

Ауа температурасы кенеттен өзгермейді.