Алдағы үш күнде ірі қалаларда ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ірі қалаларда ауа райы қандай болады?
Сурет: ашық дереккөз
Синоптиктер 2024 жылдың 23-25 ​​қаңтарында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Астана қаласының ауа райы болжамы

23 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 9-11 градус аяз.
24 қаңтар – көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 7-9 градус аяз.
 
25 қаңтар – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 1-3 градус аяз.
Алматыдағы ауа райы болжамы
23 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
24 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
25 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Шымкенттегі ауа райы болжамы
23 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бұрылатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
24 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы.
 
25 қаңтар – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы.