Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болады
Сурет: Ашық дереккөз

Ертең Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз

Синоптиктер 25-27 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Астана
25 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

26 наурыз – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 8-10 градус жылы.

27 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Алматы
25 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 радус, күндіз 17-19 градус жылы.

26 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан еікіпін 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 18-20 градус жылы.

27 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 16-18 градус жылы.

Шымкент
25 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.Желдің еікіпін 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 22-24 градус жылы.

26-27 наурызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 21-23 градус жылы.