Алатау ауданынның ең өзекті мәселесі

Алатау ауданынның ең өзекті мәселесі
Сурет smolnews.ru алынды

Биыл «14-ші аумақ» шағын ауданында инженерлік желілер жүргізіледі, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде әкім Ерболат Досаев ауданның ең өзекті мәселелерінің бірі «14-ші аумақ» шағын ауданындағы инженерлік желілер екенін айтты. 

«2022 жылдың қыркүйек айында байқау рәсімдері жүргізіліп, мердігер ұйым анықталды. Алайда ақпан айында ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен мемлекеттік сараптама жобаны түзетуден бас тартқандықтан, жұмыстар басталмады», - деді әкім.

Құрылысты тезірек бастау үшін әкімдік Алматы қаласы прокуратурасының ұсынымы негізінде ТЖ желісі бойынша жұмыстарды орындау туралы шешім қабылдады. Қажетті құжаттама дайын. Жұмыс мамырда басталып, осы жылдың желтоқсанында аяқталады.