Ақтауда екі азаматты азаптаған жігіттер тергеу изоляторына қамалды

Ақтауда екі азаматты азаптаған жігіттер тергеу изоляторына қамалды
Сурет: Almaty.tv

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған

Ақтауда екі азаматты азаптаған үш жігітті полиция ұстап, тергеу изоляторына қамады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Адам төзгісіз жауыздыққа барғандардың тағы біреуі әлі бостандықта жүр. Тәртіп сақшылары аумақты аралап, іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Еске салсақ, бүгін түске таман әлеуметтік желіде бетін тұмшалағандардың бір жігіттің саусағын бір талдап сындырып, екіншісін балтамен ұлып сұлатып, соққыға жыққан бейнежазбасы тараған болатын. Полиция дерегінше, екі оқиға әртүрлі уақытта болған. Жастардың мұндай әрекетке нақты не үшін барғаны әзірге белгісіз.  

«Екі фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғалардың толық мән-жайы анықталып жатыр», – деді полиция департаментінің ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаева.