Ақмола облысында ер адамның мәйіті табылды

Ақмола облысында ер адамның мәйіті табылды
сурет: riamo.ru

29 жастағы тұрғынға биыл мамырдың 3-інде іздеу жарияланған еді.

Ақмола облысының Целиноград ауданында он күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Целиноград ауданының 29 жастағы тұрғыны Шыңғыс Мұстафинге биылғы жылғы мамырдың 3-інде іздеу жарияланған. Оны іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге әскери қызметшілер, еріктілер, туыстары мен таныстары атсалысты.

«Мамырдың 12-сінде қабылдаған шаралардың нәтижесінде ер адамның денесі Сандықтау ауданының аумағынан табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ер адамның Сандықтау ауданы аумағына автокөлікпен келгенін, кейін көліктің Сандықтау ауылында тұрғанын анықтады.