Аграрлық университеттің ақшасын ұрлаған кім?

Аграрлық университеттің ақшасын ұрлаған кім?
Сурет: Еgemen.kz

Алматы прокурорлары аграрлық университеттегі ұрлықты анықтады.

ҚР Ұлттық университетінде миллиондаған ақша ұрлығы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде.

"Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды", делінген Алматы қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.