Әзірбайжанда Қазақстан азаматтары дауыс беруде

Әзірбайжанда Қазақстан азаматтары дауыс беруде
almaty-akshamy.kz

Бакуде республикалық референдумда алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 07:06-да Қазақстан азаматы Арас Мамедов дауыс берді.

А.Мамедов Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында орналасқан №262 референдум учаскесінде дауыс берді. 18 жасқа толған ҚР азаматтары өз дауысын жергілікті уақытпен таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін аталған учаскеде бере алады. Әзербайжанда қазіргі таңда мыңдаған қазақстандық тұрып жатыр, олардың 400-ге жуығы тұрақты тіркелген.