Әуе рейстері кешіксе не істеу керек?

Әуе рейстері кешіксе не істеу керек?
Almaty-akshamy.kz

FlyArystan қолайсыз ауа райына бйланысты кей рейстер кешігетінін еске салды.

«Шымкент қаласында бүгін жайсыз ауа райы сақталып тұр. Атап айтқанда қалың тұман түсті, айнала анық көрінбейді. Осыған байланысты Шымкенттен және Шымкентке ұшатын бүкіл рейстер кешігуі мүмкін» деп хабарлады компаниядан.

Қазіргі ауа райы Шымкент әуежайында ұшып-қонуға мүмкіндік бермейді, сондықтан ұшу уақыты кейінге шегерілуі мүмкін.

Әуекомпания Шымкент әуежайы аймағындағы ауа райы болжамын үздіксіз бақылап отыр.

Әуекомпания рейс жолаушыларына:

— Екі сағаттан артық кешіккенде салқын алкогольсіз сусын ұсынады

— Төрт сағаттан артық кешіккенде ыстық тамақ ұсынады.

Сусын мен тағам мәселесі бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне жүгіну керек. 

— Бес сағаттан артық кешіккенде бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Бес сағаттан артық кешіккенде қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар билетті тариф ережесіне сәйкес қайтара алады.