Салқын сусынды сақтықпен ішіңіз!

Салқын сусынды сақтықпен ішіңіз!
Сурет: 1zoom.ru

Пайдалы кеңес!

Шәрбаттай тәтті сусындарды жақсы көреміз. Әсіресе, жаз маусымында көп тұтынамыз. Қазір Алматының ауа райы құбылмалы. Көбіне жаңбырлы болуда. Сол себепті суықты сақтанып ішкен жөн. Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың пікірі де осыған саяды. Сондай-ақ ол қазақтың қымызын пандемия кезінде көптеп тұтынуға кеңес берді. «Ұлттық сусынымыздың құрамы короновирусқа қарсы күресте адам имуннитетіне жақсы әсер етеді», – дейді.

Байқаңыз...

Бірақ мұны да абайлап, сараптап тұтынғаныңыз жөн. Өйткені, дүкендердегі мұздатқышта этносусындардың да неше атасы самсап тұр. Себебі дене мен ағзаның, ішкі құрылыстың саулығы тікелей өзіңізге байланысты.

Есте ұстаңыз...

Диетолог мамандар 1 литрге орта есеппен 200 шақпақ түйірлі қантқа дейін қосылатынын айтады. Себебі кез келген сусында ингредиенттер көп. Неғұрлым тәтті, тіл оятындай болса, соғұрлым зияны да бар. Сондықтан тап осы уақыттарда бүлдіршіндерге, салқындық градусы төмен, ағзаға зиянсызын алған абзал. Бұл үлкендерге де пайдалы кеңес.

Денсаулығымыз – өз қолымызда!