Әуе компаниялар бірқатар рейсті тоқтатқанын хабарлады

Әуе компаниялар бірқатар рейсті тоқтатқанын хабарлады
Сурет: ашық дереккөз

FlyArystan және AirAstana әуе компаниялары жолаушыларға ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейстің тоқтатылатыны туралы хабарлама жасады, - деп хабарлайды 

FlyArystan ауа райының қолайсыздығына және Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы үйкеліс коэффициентінің нашарлауына байланысты мына рейстерді тоқтатады.Almaty-akshamy.kz. 

  • KC7365 Астана - Орал;
  • КС7366 Орал - Астана;
  • KC7165 Алматы - Орал;
  • КС7166 Орал - Алматы.

"Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына сұраныс бойынша келесі қызметтер көрсетіледі: сусындар, тамақтану, тұру, трансфер. Барлық жолаушыға тегін қайта брондау мүмкін немесе ақшасы толық қайтарылады", - делінген хабарламада.

Жолаушыларға FlyArystan қолданбасында және flyarystan.com сайтында тікелей чат арқылы, 8 702 702 02 27 WhatsApp мессенджері және 8 727 331-10-10 байланыс орталығы арқылы қолдау көрсетіледі.

23 қарашада "Эйр Астана" Орал - Франкфурт - Орал және Орал - Астана бағыттары бойынша рейстерді, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері рейстерді тоқтатты.

Оған да ауа райының қолайсыздығы мен әуежайдың ұшу-қону жолағындағы үйкеліс коэффициентінің нашарлауы себеп болды.

"Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына тамақ, тегін қайта брондау немесе билетті қайтару қамтамасыз етілді. Оралдан Астанаға ұшатындар жатын орынмен, тамақпен және трансфермен қамтамасыз етілді", - деп хабарлады әуе компаниясы.