Жаңа жылдан бастап аудан-қала әкімдері сайланады

Жаңа жылдан бастап аудан-қала әкімдері сайланады
Сурет: Sn.kz

Заңдағы өзгерістер 1 қаңтардан күшіне енеді. 

Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2025 жылдан бастап аудан-қала әкімдерінің барлығы сайлау арқылы қызметке келеді.

Елімізде саяси науқан өткізу процесін жетілдіруге бағытталған бірнеше өзгеріс енгізілді. Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді. 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің – 25 пайызы, 2024 жылы - 25, ал 2025  жылы барлық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайлау арқылы тағайындалады.

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанованың айтуынша, заңға енгізілген өзгерістер келесі жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауы қазіргі заң бойынша өткізіледі екен.    

«Сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді – бұл әлеуметтік желілердегі үгіт-насихатқа рұқсат беру, аумақтық сайлау комиссияларын кәсіби негізге ауыстыру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтардың шекті мөлшерін белгілеу және басқа да өзгерістер», – деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.