Әлімханұлы Канеломен айқасу үшін жоғары cалмаққа өтетінін мәлімдеді

Әлімханұлы Канеломен айқасу үшін жоғары cалмаққа өтетінін мәлімдеді
Сурет: Ашық дереккөз

Биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысамын

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионға көтеріліп, мексикалық Сауль Канело Альвареске (58-2-2, 39 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақ боксшы 2023 жылы үлкен айқастар өткізе алмаса, осындай қадамға баратынын твиттер желісінде жазды.

"Биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысамын. Ал егер маған ондай мүмкіндік бермесе, 2024 жылы 168 фунтта Канелоға міндетті қарсылас боламын. Мұның мүмкін екенін бәрі біледі. Иншалла, келесі жылы екі салмақта чемпион атанамын!" – деп жазыпты Жәнібек.